Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, 2025 жылғы 8 мамырдағы № 85 жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "2024 жылы В2G сегменті үшін ТОБЖ құрылысы, Қостанай облысы" объект бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін және телефон кәрізді өткізу және пайдалану үшін, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Новоильинов ауылдық округі, Новоильиновка ауылы, Школьная көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы көлемі 0,0138 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне 10 жылға мерзімімен шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. "Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, осы шешімінің қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
2) осы шешімін оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жарияланғанынан кейін "Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новоильинов ауылдық округінің әкімі | А. Қалақпасов |