Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 86 бұйрығына сәйкес, Калинин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "Қостанай облысы, 2024 жылы В2G сегменті үшін ТОБЖ салу" жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін және телефон канализациясын орнату және пайдалану үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Калинин ауылдық округі, Береговое ауылы, Первомайская көшесі, Дорожная көшесі шекараларында орналасқан 0,1001 гектар, оның ішінде 12-189-035-988 0,0156 гектар жер, 12-189-035-985 көлемі 0,0008 гектар, Береговое ауылының жалпы ауданы 0,0837 гектар жер учаскесіне 10 жылға мерзімімен шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.
2. "Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының" филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін "Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Сапабеков |