Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы 08 мамырдағы № 84 бұйрығына сәйкес Әйет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "2024 жылы Қостанай облысы, B2G сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон арналарын орнату және пайдалану үшін "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамына бөлінбейтін жер учаскесiне 10 жыл мерзiмге, жалпы алаңы 0,0033 га, жағдайлық схема бойынша Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесінің бойы мекенжайда орналасқан шектеулі нысаналы жер пайдалану (қоғамдық сервитут) құқығы берілсін.
2. "Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының" филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін "Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйет ауылдық округінің әкімі | Е. Назарбаев |