2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифтін бекіту туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 115 қаулысы

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының әкімі М. Ихтиляпов

  Науырзым ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "8" қазандағы
  № 115 қаулысына
  қосымша

2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифі

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Қызмет түрі

Айына 1 қызмет алушыға арналған Тариф (теңгемен)

Күніне 1 қызмет алушыға арналған Тариф (теңгемен)

1

Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

үйде

47,709.71

2,168.50


Об утверждении тарифа на оказание специальных социальных услуг на 2025 год

Постановление акимата Наурзумского района Костанайской области от 8 октября 2025 года № 115

      В соответствии с приказом Заместителя Премьер-Министра-Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 281 "Об утверждении правил и методики формирования тарифов на специальные социальные услуги (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32987) акимат Наурзумского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить тариф на оказание специальных социальных услуг на 2025 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Наурзумского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Наурзумского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Наурзумского района М. Ихтиляпов

  Приложение
  к постановлению акимата
  Наурзумского района
  от "8" октября 2025 года
  № 115

Тариф на оказание специальных социальных услуг на 2025 год

Наименование организации, оказывающей специальные социальные услуги

Вид обслуживания

Тариф на 1 получателя услуг в месяц (в тенге)

Тариф на 1 получателя услуг в день (в тенге)

1

Коммунальное государственное учреждение "Центр оказания специальных социальных услуг" отдела занятости и социальных программ Наурзумского района

На дому

47,709.71

2,168.50