Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы беріліп отырған Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Әлиев |
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 22 мамырдағы № 136-Ө бұйрығына |
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде мемлекеттік тапсырмасының құнын бюджет қаражаты есебінен айқындау тәртібін белгілейді.
2-тарау. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау тәртібі
2. Мемлекеттік тапсырмасының құны қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге, мемлекеттік тапсырманы орындауға жұмсалатын шығыстарды, тікелей шығыстар мен жанама шығыстарды негізге ала отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ = ∑ЕАТ + ТШ + ЖШ, мұндағы
С – мемлекеттік тапсырманың құны;
∑ЕАТ+ТШ – еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар сомасы;
ЕАТ – қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;
ТШ – осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығындар.
3-тарау. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға арналған шығындардың түрлері
3. Мемлекеттік тапсырма құнына мынадай шығыстар қосылмайды:
1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;
2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;
3) ақпараттық ілгерілету шығыстары (жарнама);
4) демеушілік көмек;
5) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптары.
4. Тікелей шығындарға мыналар жатады:
1) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттағы және штаттан тыс) жалақысы;
2) сыртқы сарапшыларды тарту;
3) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу, (қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары, жиынтықтауыштар, кеңсе тауарлары және шығыс материалдары);
4) жалға алынатын үй-жайларда тікелей мемлекеттік тапсырманы орындау үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайларда жалдау ақысы;
5) мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе)елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
6) әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, персоналды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілердің аударымдары, мемлекеттік тапсырманы орындайтын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулері, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, интернет);
8) полиграфиялық шығындар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, есептер, тест тапсырмалары, түптеу, құжаттарды тігу және өңдеу);
9) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер;
10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);
11) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері;
12) банктік қызметтер;
13) қосылған құн салығы.
5. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына тікелей жатпайды және мынадай шығыстарды қамтиды:
1) әкімшілік персоналдың жалақысы;
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары, жұмыс берушінің, әкімшілік персоналдың міндетті зейнетақы жарналары;
3) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
4) өзге де шығыстар (коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, ақпараттық қызметтер (жарнаманы қоспағанда).
6. Мемлекеттік тапсырманы орындау кезіндегі шығыстардың әрбір бабын Тапсырыс беруші әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын пайдалана отырып қалыптастырады. Бұл ретте, баға дерекқорында көзделген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін нақты орташа бағадан аспайтын бағаға бағдарланады. Деректер базасында бағалар болмаған кезде жоспарланған шығыстарды негіздейтін құжаттар (шарттардың көшірмелері, прайс-парақтар) пайдаланылады.
7. Зерттеулер, консалтингтік қызметтер жүргізу үшін бөгде ұйымдар мен жеке тұлғаларды тарту азаматтық-құқықтық мәміле жасасу негізінде жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік тапсырманың құнын есептеу кезінде зерттеу жұмысын орындауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің штаттық кестеге сәйкес лауазымдары жөніндегі жалақысы әрбір қызметкер бойынша жеке көрсетіледі.