ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай ауданы бойынша 2026 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 пайыздан 3 пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қостанай аудандық мәслихатының төрағасы | М. Сартов |