Қарасу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 68 "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 212 қаулысы

      Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауданы әкімдігінің "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2024 жылғы 22 ақпандағы № 68 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 10-3), 10-4), 10-5) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "10-3) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;

      10-4) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      10-5) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.".

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі К. Оспанов

О внесении дополнений в постановление акимата Карасуского района от 22 февраля 2024 года № 68 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел культуры и развития языков акимата Карасуского района"

Постановление акимата Карасуского района Костанайской области от 15 декабря 2025 года № 212

      Акимат Карасуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Карасуского района "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел культуры и развития языков акимата Карасуского района" от 22 февраля 2024 года № 68 следующие дополнения:

      в Положении о государственном учреждении "Отдел культуры и развития языков акимата Карасуского района", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 16 дополнить подпунктами 10-3), 10-4), 10-5) следующего содержания:

      "10-3) утверждает государственный творческий заказ на финансирование творческих кружков для детей и подростков в пределах объема бюджетных средств;

      10-4) обеспечивает размещение государственного творческого заказа в творческих кружках для детей и подростков независимо от форм собственности, ведомственной подчиненности, типов и видов поставщиков услуг государственного творческого заказа";

      10-5) обеспечивает выполнение всех этапов и процедур размещения государственного творческого заказа, контроля его качества и целевого освоения в электронном и общедоступном форматах.".

      2. Государственному учреждению "Отдел культуры и развития языков акимата Карасуского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) извещение органов юстиции о внесенных изменениях в вышеуказанное Положение;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Карасуского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Карасуского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Карасуского района К. Оспанов