Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35–бабына сәйкес Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Адаевка КДСМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының аумағында орналасқан, жалпы ауданы 1,351 гектар жер учаскесіне, 3 (үш) жыл мерзімге, Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылында асфальт-бетон зауытын газбен жабдықтауға арналған газ құбырын салуға жария сервитут белгіленсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгіділеді.
Б. Рахимжанов |