Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 73 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15 бапты мынадай мазмұндағы 21, 22, 23 тармақшалармен толықтырылсын:
21) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
22) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
23) электронды және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерін орындалуын қамтамасыз етеді.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарлау;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалы – Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қамысты ауданының әкімі | Е. Жаулыбаев |