Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабына сәйкес Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шукыркол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің аумағында орналасқан алаңы 800 гектар жер учаскесіне 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актінің қабылданғаны туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің әкімі | К. Шукманов |