Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармағына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35-бабының 1 тармағының, 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 49 жыл мерзімге, жалпы ауданы 0,0116 гектар, Қостанай облысы Жангелдин ауданы, Торғай ауылы мекенжайы бойынша орналасқан: Қасымхан Алтынсары көшесі 69 үй - 0,0116 гектар талшықты-оптикалық байланыс желісі мен кабельдік канализацияны төсеу және пайдалану үшін "Қостанай облысында B2B/B2G клиенттеріне дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін дамыту" жобасының кабель төсеу объектісі бойынша.
2. "Жангелдин ауданы Торғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Торғай ауылы әкімі | К. Қарағұл |