Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2025 жылғы 12 маусымдағы № 13 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Маляренко Юрий Федоровичке 0,4 кВ кабельді төсеу үшін Суворов көшесі, Аманқарағай ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,0460 га жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану қоғамдық сервитут белгіленсін.
2. "Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Әбділдин |