Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 – баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық жер телімін беру жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 35 хаттамасы және жерге орналастыру жобасы негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мекенжайы бойынша орналасқан "Қостанай обласы Әулиекөл ауданы Сосновка, Бағаналы, Москалев, Қазанбасы ауылдарын қоса отырып, Әулиекөл АГРС-тен Тимофеев ауылына газ тарату желілерін құрылысы" инвестициялық жобаны жүзеге асыру негізінде газ құбырын төсеу және пайдалану үшін - жалпы алаңы 13,6483 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығы қауымдық белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл ауданының әкімі | Ж. Таукенов |