Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға және Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге Жолдау Қазақстан;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелиік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Сартов |
| Әкімдіктің | |
| 2025 жылғы 19 желтоқсан | |
| № 220 қаулысына | |
| қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
4) кітапхана меңгерушісі;
5) аккомпаниатор;
6) библиограф;
7) кітапханашы;
8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
10) музыкалық жетекші;
11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
12) хореограф;
13) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
14) барлық мамандықтар мұғалімдері;
15) әдістемелік кабинет меңгерушісі.