Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Октябрь кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Uplink" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне елді мекендердің жер санатынан Октябрь кенті мекенжайында орналасқан, талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон кәрізін төсеу және пайдалану үшін жалпы алаңы 0,5046 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Октябрь кентінің әкімі | Е. Бектанов |