"Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республиксы Заңының 18-бабына, "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына сәйкес, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілсін.
3. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуін;
3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
| Арқалық қаласының әкімі | Ә. Асанов |
| Арқалық қаласы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "___" ___________ | |
| № ___ қаулысымен | |
| бекітілген | |
| Арқалық қаласы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "___" ___________ | |
| № ___ қаулысына | |
| қосымша |
"Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Отбасын қолдау орталығы) Қостанай облысы Арқалық қаласы аумағында "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Отбасын қолдау орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына, "Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 бұйрығына, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
3. Отбасын қолдау орталығының құрылтайшысы мемлекеттік атқарушы орган – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімдігі болып табылады.
4. Отбасын қолдау орталығының атауы:
мемлекеттік тілде: "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілде: коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Аркалыка".
5. Заңды тұлғаның мекенжайы: индекс 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай көшесі 62 үй.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
6. Отбасын қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің балансы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қазынашылық органдарындағы өзінің балансы және шоттары болады.
7. Отбасын қолдау орталығы басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
8. Отбасын қолдау орталығы өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Орталық ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
9. Отбасын қолдау орталығы азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
10. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мемлекеттік отбасы саясатының шараларын іске асыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау.
11. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты өтініш білдірген адамдарды (отбасыларды), оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау арқылы отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру болып табылады.
12. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
6) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлармен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
9) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.
13. Мемлекеттік мекеме осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
14. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: тиісті саланың уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
15. Отбасын қолдау орталығын басқаруды "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
16. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Отбасын қолдау орталығына мүлікті бекітіп береді;
2) Отбасын қолдау орталығы мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Отбасын қолдау орталығының жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
4) Отбасын қолдау орталығын қаржыландыру жоспарын бекітеді;
5) Отбасын қолдау орталығы басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
6) Отбасын қолдау орталығының құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
7) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Отбасын қолдау орталығының басшысын "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Отбасын қолдау орталығының басшысы Отбасын қолдау орталығының жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және Отбасын қолдау орталығына жүктелген міндеттерді, олардың өз функцияларын жүзеге асыруына және қаржы қаражатын мақсатты пайдалануға дербес жауапты болады.
19. Отбасын қолдау орталығының басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Отбасын қолдау орталығы қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
20. Отбасын қолдау орталығы басшысының Отбасын қолдау орталығымен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
21. Отбасын қолдау орталығының басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Отбасын қолдау орталығы атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Отбасын қолдау орталығының мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) Отбасын қолдау орталығының іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Отбасын қолдау орталығының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Отбасын қолдау орталығының қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
10) Отбасын қолдау орталығының қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады;
12) шешім қабылдайды, Отбасын қолдау орталығы мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
22. Отбасын қолдау орталығының мүлкін оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Отбасын қолдау орталығының мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері себінен құрылады.
23. Отбасын қолдау орталығы өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен өз бетінше шығаруға немесе оған өзгеше әдiспен билiк етуге құқылы емес.
24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Отбасын қолдау орталығына кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Отбасын қолдау орталығының қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырады.
26. Отбасын қолдау орталығын бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
27. Отбасын қолдау орталығының қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
28. Отбасын қолдау орталығының жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
29. Отбасын қолдау орталығының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жүргізіледі және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімімен өтеді.
8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
30. Отбасын қолдау орталығын қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жүргізіледі.
31. Отбасын қолдау орталығы заңнамалық актілерде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
32. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.
33. Таратылған Отбасын қолдау орталығының мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
34. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.