Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Фирма Фининсайт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 109 құрылыс, 1 тұрғын емес жай мекенжайы бойында 6 кВ электр беру желісін тарту мақсатында көлемі 1,3877 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |