"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысының 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
| Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы 17 желтоқсандағы | |
| № 368 қаулысына | |
| қосымша |
2025 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлемі | Субсидиялар сомасы (мың теңге) |
1 | Балық азығын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар | |||
1.1 | албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін | килограмм | 5612 | 1515,4 |
2 | Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау | бірлік | 3 | 300,0 |
3 | Балық өсіру материалын сатып алу бойнша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар | |||
3.1 | албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін | |||
3.1.1 | ұрықтанған уылдырық | дана | 100 000 | 500,0 |
3.1.2 | шабақ (10 граммға дейін) | дана | 30 000 | 750,0 |
3.2 | ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін | |||
3.2.1 | дернәсілдер | дана | 30 270 000 | 15 134,6 |
Барлығы | 18 200,0 | |||