"Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Ақсақалов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы 23 қыркүйектегі | |
№ 278 қаулысына | |
қосымша |
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы | Үлгісі | Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) | Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) |
1 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Лисаков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | стационар | 377 686,17 | 12 183,42 |
2 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | стационар | 385 201,76 | 12 425,86 |
3 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 2 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | стационар | 341 143,12 | 11 004,62 |
4 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Пешков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | стационар | 348 685,75 | 11 247,93 |
5 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | стационар | 285 295,51 | 9 203,08 |
жартылай стационар | 135 475,19 | 6 451,20 | ||
6 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 3 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | стационар | 287 389,9 | 9 579,66 |
7 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | стационар | 1 138 132,73 | 36 713,96 |
жартылай стационар | 206 859,88 | 9 850,47 | ||
8 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | стационар | 396 333,38 | 12 784,95 |
9 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | стационар | 333 575,31 | 10 760,49 |
10 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 1 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | стационар | 259 731,8 | 8 378,45 |
11 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мүгедектігі бар адамдарға арналған Жітіқара өңірлік оңалту орталығы" КММ | стационар | 394 587,1 | 13152,9 |
12 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы" КММ | жартылай стационар (бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған) | 355 571,4 | 11 852,38 |
жартылай стационар (мүгедектігі бар балаларға арналған) | 502 392,27 | 16 746,4 | ||
13 | Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Аутизмі және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы" КММ | жартылай стационар | 258 746,48 | 12 321,26 |
14 | "Тіршілік нұры" ҚҚ | уақытша болу ұйымы | 236 795,09 | 7 893,17 |
Ескерту:
КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме
ҚҚ – қоғамдық қор