ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 299-қ "Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4348 болып тіркелген) қаулысына өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны эталондық бақылау банкіне жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Мұстафаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілсін.
| Мұнайлы ауданының әкімі | Қ.Құлжанов |
| Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "7" қараша № 232-қ қаулысына қосымша |
Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жеріне ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймақ коэффициенті |
Мұнайлы ауданы | ||
1. | Маңғыстау ауылы | 2 |
1.2 | Ақеспе, Бозжыра тұрғын үй массиві | 1,85 |
1.3 | Айрақты тұрғын үй массиві | 1,95 |
1.4 | Шерқала тұрғын үй массиві | 1,85 |
1.5 | Бесшоқы тұрғын үй массиві | 1,95 |
2. | Баянды ауылы | 1,9 |
3. | Қызылтөбе ауылдық округі | 2,1 |
4. | Атамекен ауылдық округі | 1,70 |
5. | Басқұдық ауылдық округі | 1,9 |
6. | Дәулет ауылдық округі | 1,9 |
7. | Батыр ауылдық округі | 2,0 |