"Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 4-тармақшасын, Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қорытындысын негізге алып және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шебір ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Шебір ауылына қарасты атауы жоқ көшеге – "Қоңыр Тарбақов" көшесі атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі С.Тұрақбаев |