ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 19.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Сауда қызметін реттеу туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 19 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы __ ________ №___ қаулысына қосымша |
Маңғыстау облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері
№ р/с | Өңір | 1 мың адамға шаршы метр |
1 | Маңғыстау облысы | 742,1 |