Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивиденттерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4201 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Облыстық коммуналдық меншіктегі акцияларының 100 (жүз) пайыз мемлекеттік пакетімен (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) мөлшері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте, ал еншілес ұйымы (еншілес ұйымдар) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кіріс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде белгіленсін, "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қоспағанда және "Ақтау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының дивидендтінің төленуі мемлекеттік акциялар пакетін сенімгерлік басқару шарты негізінде қалдырылсын.";
3 - тармақтағы "(Нсанбаева Т.М)" деген сөз алып тасталсын;
4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.".
2. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |