"Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 167 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 207401 болып тіркелген) келесідей толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:

      15-тармақ келесідей 37), 38), 39), 40), 41), 42) тармақшалармен толықтырылсын:

      "37) мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту, бағдарламалары негізінде гранттар тартуға арналған өтінімдерді қалыптастырады;

      38) облыстың бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлейді;

      39) бесжылдық кезеңге арналған облысты (аумақтарды) дамыту бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, аудандар мен қалаларды (аумақтарды) дамыту бағдарламаларын әзірлеу, түзету және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      40) өңірлік даму мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіреді;

      41) аумақтық даму бағдарламаларын, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру мониторингін, жекелеген аумақтарды (шағын және моноқалаларды, шекара маңындағы аудандарды, тірек ауылдық елді мекендерді) мемлекеттік қолдау шараларын жасауды жүзеге асырады;

      42) "Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу" бағыты бойынша облыс әкімдігінің тиімділігін бағалау қорытындыларына талдау жүргізеді, жұмысты жақсарту бойынша шаралар әзірлейді.".

      2. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1)осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2)осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

О внесении дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 57 "О некоторых вопросах по утверждению положении о государственных учреждениях"

Постановление акимата Мангистауской области от 5 августа 2025 года № 167

      Акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мангистауской области от 19 февраля 2025 года № 57 "О некоторых вопросах по утверждению положении о государственных учреждениях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 207401) следующее дополнение:

      в Положении о государственном учреждении "Управление экономики и бюджетного планирования Мангистауской области", утверждҰнном приложением 2 указанного постановления:

      пункт 15 дополнить следующими подпунктами 37), 38), 39), 40), 41), 42):

      "37) формирует заявки на привлечение грантов на основании государственных, отраслевых программ, программ развития (территории) области;

      38) разрабатывает проект прогноза социально-экономического развития области на пятилетний период;

      39) координирует работу по разработке, корректировке и реализации программы развития (территории) области, Плана мероприятий по ее реализации, программ развития (территории) городов и районов на пятилетний период;

      40) разъясняет основные направления и механизмы государственной политики по вопросам регионального развития;

      41) осуществляет мониторинг реализации программ развития (территории) области, планов мероприятий по их реализации, выработку мер по государственной поддержке отдельных территорий (малых и моно-городов, приграничных районов, опорных сельских населенных пунктов);

      42) проводит анализ итогов оценки эффективности акимата области по направлению "Достижение целей Программы развития областей и показателей бюджетных программ", вырабатывает меры по улучшению работы;".

      2. Государственному учреждению "Управление экономики и бюджетного планирования Мангистауской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1)в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Мангистауской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2)принятие иных необходимых мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мангистауской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области Н. Килыбай