"Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 145 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4002 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

      8, 9, 10-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссияның жұмысын құруды және ұйымдастыруды "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы) қамтамасыз етеді.

      9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

      10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.

      Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.";

      13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Мамандандырылған ұйым Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мен "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы) электронды құжат айналымы, пошта байланысы арқылы не басқармалардың кеңсесі арқылы қолма-қол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.

      Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне электрондық құжат айналымы арқылы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.";

      15-6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "15-6. Мамандандырылған ұйымдар Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен бірлесіп форвардтық шарт жасалған сәттен бастап көкөніс өнімдерін өндіру циклінің барлық кезеңдерінде егістікке бара отырып, ауылшартауарынөндірушілердің қызметіне мониторингті жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области"

Постановление акимата Мангистауской области от 25 июня 2025 года № 145

      Акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4002) следующие изменения:

      в Правилах реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 8, 9, 10 изложить в новой редакции:

      "8. Образование и организацию работы Комиссии обеспечивает государственное учреждение "Управление сельского хозяйства и земельных отношений Мангистауской области" (далее – Управление сельского хозяйства и земельных отношений Мангистауской области).

      9. Для реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары Управлением сельского хозяйства и земельных отношений Мангистауской области осуществляется закуп услуг у специализированных организаций, реализующих механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, путем заключения договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      10. До истечения срока действия договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары на трехлетний период Управление сельского хозяйства и земельных отношений Мангистауской области заключает со специализированной организацией дополнительное соглашение с указанием обязательств о переходящих активах стабилизационного фонда в натуральном и денежном выражении.

      В случае упразднения стабилизационного фонда, специализированная организация обеспечивает возврат бюджетных средств, использованных для закупа продовольственных товаров в местный бюджет.

      Если по решению специализированной организации реализация продовольственных товаров осуществлена по ценам ниже закупочных, то возврат суммы осуществляется за минусом разницы цены закупа и реализации.";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Специализированная организация представляет в Управление сельского хозяйства и земельных отношений Мангистауской области и государственное учреждение "Управление предпринимательства и торговли Мангистауской области" (далее – Управление предпринимательства и торговли Мангистауской области) информацию о ходе реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по форме согласно приложению к Типовым правилам реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 280 (далее – Типовые правила) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19123), посредством электронного документооборота, почтовой связи, либо нарочно через канцелярию управлений.

      Управление предпринимательства и торговли Мангистауской области и Управление сельского хозяйства и земельных отношений Мангистауской области представляют в министерства сельского хозяйства и торговли и интеграции Республики Казахстан информацию о ходе реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по форме согласно приложению к Типовым правилам посредством электронного документооборота.";

      пункт 15-6 изложить в новой редакции:

      "15-6. Специализированные организации совместно с Управлением сельского хозяйства и земельных отношений Мангистауской области осуществляют мониторинг деятельности сельхозтоваропроизводителей с выездом на поле, на всех этапах цикла производства овощной продукции с момента заключения форвардного договора.".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мангистауской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области Н. Килыбай