Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 50 "Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі 4-тармағы мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования".
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 50 "Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" қаулысымен бекітілген қосымшаларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшасымен бекітілген "Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне:
2-тарау 14-тармағы 1) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
"салынып жатқан объектілер конструкцияларының және пайдаланылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жоба талаптарына және мемлекеттік (мемлекетаралық) стандарттарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту;
техникалық және сәулеттік қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардан осы құрылысқа қажетті жобалық және құрылыстық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптамалық қорытындыларын қарау үшін сұрату және олардан қарау үшін алуға;
мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалау шешімдерінен) ауытқуларды анықтаған кезде тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) және (немесе) мердігерге құрылыс-монтаждау ұйымына (кәсіпорынға) белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізеді;
құқық белгілейтін және жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй және өндірістік объектілердің құрылысын тоқтата тұру;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен әкімдік қаулыларының, әкім шешімдерінің, өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
тапсырыс беруші (құрылыс салушы) және (немесе) мердігер құрылыс-монтаж ұйымы (кәсіпорын) жіберген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы және құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұсыным енгізеді;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.";
2-тараудың 14-тармағының 2) тармақшасының алтыншы абзацы "Басқаманың ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады" алып тасталсын;
2-тарау 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
"Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;";
2-тарау 15-тармағы 5) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
"ұлттық стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын пайдалануға тыйым салу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару ұйымдарын аккредиттеу;
өндірістік объектілерді жобалау, орналастыру және салу үшін;
тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанындағы сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау;
азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;";
көрсетілген қаулыға 2-қосымшасымен бекілген "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
2-тарау 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
"Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;";
көрсетілген қаулыға 3-қосымшасымен бекілген "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
2-тарау 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
"Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;";
көрсетілген қаулыға 4-қосымшасымен бекілген "Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
2-тарау 13-тармағы келесі мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
"Маңғыстау облысының дамытудың даму бағдарламасында белгіленген "Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі" және "Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы" нысаналы индикаторларына қол жеткізу."
2-тарау 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
"Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;";
2-тарау 15-тармағы келесі мазмұнды жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Маңғыстау аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы жұмыстарын мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
2) Қазақстан Республикасында құрылыс, сәулет жен қала құрылысы мәселесі бойынша мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және жетілдіру бойынша жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын әдзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
5) төтенше дүлей зілзала салдарынан қиратылған азаматтық және тұрғын үй мақсатындағы нысандарын қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;
6) облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың құрылыс органдарының жұмысын ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету;
7) жобалау және құрылыс мердігерлермен шарттар жасасу;
8) жасасылған шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді сатып алуды қаржыландыру;
9) мердігерлермен жасасылған шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
10) салынып біткен объектілерді пайдалануға беру жөніндегі жұмыстары ұйымдастыру;
11) тұрғын үй жобалауға және салуға бюджетті несиелендіруді қамтамасыз ету;
12) қайтарымдылық негізінде бөлінген қаражаттың есепке алынуы мен қайтарылуын қамтамасыз ету;
13) құрылыстың барлық кезіндерінде құрылыс процесіндегі тапсырыс берушінің техникалық қадағалауын және жоба әзірлеушінің авторлық қадағалауын ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
14) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
15) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
16) облыстық мәслихат мақұлданған, халқының есептік саны жұз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге ұсыну;
17) ведомстволық бағынысты әкімшілік -аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлданған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
18) аумақты абаттандыру және инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік қоммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау және күтіп ұстау қағидалары құқықтық актілерін дайындау кейіннен облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
19) облыс елді мекендерінің шекарасы шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп –баптау және қорғау қағидалары құқықтық актілерін дайындау кейіннен облыстық мәслихаттың бекітуне ұсыну;
20) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жүргізу;
21) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекаралырын белгілеу немесе өзгерту жөнінде құрушы факторларға ықпал ететін ұсыныстар дайындау;
22) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарларына келісім беру;
23) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
24) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
25) пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) актілерін тіркеу және есебін жүргізу;
26) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдардың жұмысына жәрдемдесу;
27) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
28) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджет инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендер құрылысының жобалау алдындағы құжаттамаларын (жобалау-сметалық) қарау және бекіту;
29) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды ақпараттандыру. Құзыретіне кіретін міселелер бойынша тусіндірмелер беру;
30) инженерлік инфраструктураны дамыту;
31) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеу;
32) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
33) өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
34) облыс елді мекендерін дамыту мен салуды кешенді жоспарлау мақсатында экология, көліктік жоспарлау, мәдениеттану, сәулет, қала құрылысы және әлеуметтану салалары бойынша принциптерді ескере отырып, урбанистика бағытын құру жөнінде ұсыныс енгізу;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.".
көрсетілген қаулыға 5-қосымшасымен бекілген "Маңғыстау облысының жастыр саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
2-тарау 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнды абзацтарымен толықтырылсын:
"Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;".
2. "Маңғыстау облысының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысы әкімі | Н.Қилыбай |