"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тереңөзек кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 26 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысы негізінде Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңөзек кентінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Тереңөзек кентінің "Қазақ" көшесі аумағындағы 1-көшеге "Әлібай Әбдірашев";
2) Тереңөзек кентінің "Қазақ" көшесі аумағындағы 2-көшеге "Қуанышбай Досмағанбетов";
3) Тереңөзек кентінің "Қазақ" көшесі аумағындағы 3-көшеге "Қайранбай Сманов";
4) Тереңөзек кентінің "Қазақ" көшесі аумағындағы 4-көшеге "Айдарбек Талпақов";
5) Тереңөзек кентінің "Қазақ" көшесі аумағындағы 5-көшеге "Абдулнапия Жамалов";
6) Тереңөзек кентінің "Қазақ" көшесі аумағындағы 6-көшеге "Болат Нұрсейітов";
7) Тереңөзек кентінің "Қазақ" көшесі аумағындағы 7-көшеге "Ысмағұл Ережепов".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | Е. Бахтияров |