"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастикалық коммиссисының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысына сәйкес Аққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылындағы Ата-заң көшесін "Атымтай Атахожаев" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аққорған ауылдық округінің әкімі | С. Туганбаев |