Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 1 шілдедегі №01-01/587 санды шығыс хатына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округіндегі науалық суғару жүйесінен Манап ауылдық округінде орналасқан су тоғанына дейін науалық суғару жүйесін жүргізу үшін ұзындығы 13174,0 метр көлемі 6,5 гектар болатын жер учаскесінің аумағында орналасқан меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай 2030 жылдың 2 шілдесіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі науалық суғару жүйесін жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.
3. "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | М. Самитов |
| Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 165 қаулысына қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№ | Жер пайдаланузшылардың атаулары мен жер санаттары | Кадастрлық нөмірі | Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га |
1 | Жаманбай батыр ауылдық округі, "Бесарық-1" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 10-149-040-1341 | 4,3680 га |
2 | Жаманбай батыр ауылдық округі, "Марс" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 10-149-040-2693 | 0,1500 га |
3 | Жаманбай батыр ауылдық округі, "Олжабай" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 10-149-040-2122 | 0,2340 га |
4 | Жаманбай батыр ауылдық округі "Ырыс-А" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 10-149-040-2692 | 0,2400 га |
5 | Манап ауылдық округі, "Бөгенбай" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 10-149-040-1412 | 0,2500га |
6 | Манап ауылдық округі, "Көбелдес" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 10-149-040-3146 | 0,7440 га |
7 | Мемлекет меншігіндегі жер учаскесі | - | 0,5140 га |
Барлығы | 6,5000 га |