"Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572 –ХІІ Заңының 14-1 бабына және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысына сәйкес Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылдық округі, Жаңақұрылыс көшесінің үшінші қатарына "Иманбай Іскендіров" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі | Е.Елшекенов |