"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №1 қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Қызылжарма ауылдық округіндегі келесі көшелер аталсын:
№ 29 атауы жоқ көшесін - "Медетбай Базарбаев" көшесіне;
Атауы жоқ көшесіне - "Бекмағанбет Бейсбаев" көшесіне;
№ 34 атауы жоқ көшесін - "Үбайдулла Есжанов" көшесіне;
№ 33 атауы жоқ көшесін - "Ермағанбет Баймағанбетов" көшесіне;
Атауы жоқ көшесіне - "Оразалы Төлебаев" көшесіне;
№20 атауы жоқ көшесін - "Сәрсенбай Анкаков" көшесіне;
№31 атауы жоқ көшесін - "Нұрқаш Досжанов" көшесіне;
№28 атауы жоқ көшесін - "Шәкірбек Қожамқұлов" көшесіне;
№16 атауы жоқ көшесін - "Өтеубай Ордабаев" көшесіне есімі берілсін;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ш. Абдрахманов |