Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63-8/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8449-11 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер ретiнде ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Табысы аз отбасылардан шыққан балаларға оқу жылы кезеңінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге ай сайын – 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Құттықожаев |