Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. "Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 12471 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6645 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қаласының әкімі | Н. Ахатов |