"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы "22" тамыз № 161 | |
қаулысына қосымша |
2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидия түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем |
Субсидиялар сомасы, |
1 | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар: тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандары | килограмм | 10 000 | 4 200 000 |
2 | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар: тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы (30 граммға дейін) | дана | 276 200 | 4 143 000 |
3 | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар: дернәсілдер тұқы тұқымдас балықтар | дана | 10 000 000 | 600 000 |
4 | Балық өсіру - биологиялық негіздеме сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар | дана | 1 | 1 000 000 |
5 | Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар | килограмм | 400 | 1 000 000 |
Барлығы | 10 143 000 |