Қарағанды облысы Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Абай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 62/01 қаулысы

      Қазахстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 5-1-бабы, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасын бекіту туралы" № 384 Жарлығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Абай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын (бұдан әрі – Орталық).

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орталықтың Жарғысы бекітілсін.

      3. Заңды тұлғаның орналасқан жерін анықтау: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 30-үй..

      4. Орталықтың уәкілетті органы ретінде "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.

      5. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:

      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Орталықты әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Абай ауданының әкімі С. Оспанов

  Абай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 02 желтоқсандағы
№62/01 қаулысына қосымша

Қарағанды облысы Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Абай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жарғысы

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысы Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Абай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) Абай ауданы аумағында Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінде көзделген мемлекеттік отбасы саясаты шараларын, соның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық дауларды шешу жөніндегі шараларды іске асыру функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Орталық Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.

      3. Орталықтың құрылтайшысы – Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігі.

      4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ Орталықтың мүлкіне қатысты мүлік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган – "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      5. Орталықтың толық атауы:

      мемлекеттік тілде: Қарағанды облысы Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Абай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи Абайского района" отдела занятости и социальных программ Абайского района Карагандинской области.

      6. Орталықтың орналасқан жері: 100101, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 30-үй.

2-бөлім. Орталықтың құқықтық мәртебесі

      7. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы көрсетілген мөрлері болады.

      8. Орталық заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа заңды тұлға құруға, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) болуға құқылы емес.

      9. Орталық өз міндеттемелері бойынша өзінің қарауындағы ақшамен жауап береді. Орталықта ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікті Қазақстан Республикасы немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік өз бюджеті қаражаты есебінен көтереді.

      10. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3-бөлім. Орталықтың қызметінің пәні мен мақсаты

      11. Орталық қызметінің пәні – мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, соның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық дауларды шешу шараларын көрсету.

      12. Орталық қызметінің мақсаты – жүгінген барлық адамдарға (отбасыларға) жан-жақты көмек пен қолдау көрсету.

      13. Осы мақсатқа жету үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік отбасы саясаты шараларын іске асыру, соның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық дауларды шешу шаралары;

      2) қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде қолдаумен қамтуды үйлестіру, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы;

      3) қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;

      4) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      5) мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      6) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингтеу және талдау;

      7) білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары, қала, ауыл, кент әкімдерінің қатысуымен қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау шараларын ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру;

      8) кеңес беру, бағалау жүргізу және адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаждығын айқындау;

      9) Отбасының цифрлық картасындағы деректерді өзектендіру;

      10) демеушілік және қайырымдылық көмекті ұйымдастыруға жәрдемдесу;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың өзге де шараларын іске асыру.

      Орталық осы Жарғыда көзделген қызметінің пәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасауға құқылы емес.

      14. Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы, не орталық басшысының өкілеттігін бұза отырып жасалған мәміле уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4-бөлім. Орталықты басқару

      15. Орталықты жалпы басқаруды "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      16. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Орталықтың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

      2) Орталық мүлкінің сақталуына бақылау жасау;

      3) Орталық директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қызметтен босатылу негіздерін айқындау;

      4) Орталыққа берілген немесе Орталықтың өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жазбаша келісім беру;

      5) заңнамада және Жарғыда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      17. Орталық директоры қызметке "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Орталықтың директоры Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асырылуына жауапты болады.

      19. Орталық директоры бір басшылық қағидатымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес оның құзыретіне жататын мәселелерді дербес шешеді.

      20. Директордың Орталықтың жарғылық емес қызметін жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.

      21. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық директоры:

      1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) Орталықтың мүдделерін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;

      3) шарттар жасасады;

      4) сенімхаттар береді;

      5) қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында іссапарларға жіберу, тағылымдамадан өткізу, оқыту және біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі Орталықтың жоспарларын бекітеді; 6) банктік шоттар ашады;

      7) бұйрықтар шығарады және Орталық қызметкерлері үшін міндетті нұсқаулар береді;

      8) Орталық қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Орталық қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

      10) Орталық қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы жарғымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.".

5-бөлім. Орталық мүлкін қалыптастыру тәртібі

      22. Орталықтың мүлкі оның балансында көрсетілетін заңды тұлғаның активтерінен тұрады. Орталықтың мүлкі:

      1) меншік иесі оған берген мүлік;

      2) меншікті қаражат есебінен сатып алынған мүлік;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Орталық өзіне бекітілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен басқаруға құқылы емес.

      24. Орталықтың қызметі, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

      25. Орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады.

      26. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру және ревизия жүргізуді тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

6-бөлім. Орталықтағы жұмыс тәртібі

      27. Орталықтағы жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен айқындалады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

7-бөлім. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      28. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді.

8-бөлім. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      29. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігімен жүзеге асырылады.

      30. Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қайта бөлінеді.

      31. Таратылған Орталықтың ақшасы, соның ішінде мүлікті сату нәтижесінде алынған қаражат кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін тиісті бюджет кірісіне аударылады.

О создании коммунального государственного учреждения "Центр поддержки семьи Абайского района" отдела занятости и социальных программ Абайского района Карагандинской области

Постановление акимата Абайского района Карагандинской области от 2 декабря 2025 года № 62/01

      В соответствии со статьей 5-1 Кодекса Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье", статьей 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 6 декабря 2016 года № 384 "Об утверждении Концепции семейной и гендерной политики в Республике Казахстан до 2030 года", акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи Абайского района" отдела занятости и социальных программ Абайского района Карагандинской области (делее - Центр).

      2. Утвердить Устав Центра согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Место нахождение юридического лица определить: Карагандинская область, Абайский район, город Абай, улица Мухтар Ауэзова, дом 30.

      4. Определить уполномоченным органом Центра государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Абайского района".

      5. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Абайского района":

      1) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию Центра в органах юстиции;

      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      6. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      Аким Абайского района С. Оспанов

  Приложение к постановлению
акимата Абайского района
от 02 декабря 2025 года №62/01

Устав коммунального государственного учреждения "Центр поддержки семьи Абайского района" отдела занятости и социальных программ Абайского района Карагандинской области

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи Абайского района" отдела занятости и социальных программ Абайского района (далее – Центр) является некоммерческой организацией, обладающей статусом юридического лица, созданной в организационно-правовой форме учреждения, для осуществления функций по реализации мер государственной семейной политики, в том числе мер по сохранению брака и семьи, разрешению семейных конфликтов, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье" на территории Абайского района Карагандинской области.

      2. Центр создан постановлением акимата Абайского района Карагандинской области

      3. Учредителем Центра является акимат Абайского района Карагандинской области.

      4. Уполномоченным органом соответствующей отрасли, а также органом, осуществляющим по отношению к Центру функции субъекта права в отношении имущества Центра является государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Абайского района".

      5. Полное наименование Центра:

      на государственном языке: Қарағанды облысы Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Абай ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи Абайского района" отдела занятости и социальных программ Абайского района Карагандинской области.

      6. Место нахождения Центра: 100101, Карагандинская область, Абайский район, город Абай, улица Мухтар Ауэзова, дом 30.

2. Юридический статус Центра

      7. Центр имеет самостоятельный баланс, счета в банках в соответствии с законодательством Республики Казахстан, бланки, печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и наименованием Центра.

      8. Центр не может создавать, а также выступать учредителем (участником) другого юридического лица, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан.

      9. Центр отвечает по своим обязательствам, находящимся в его распоряжении деньгами. При недостаточности у Центра денег субсидиарную ответственность по его обязательствам несет Республика Казахстан или административно-территориальная единица средствами соответствующего бюджета.

      10. Гражданско-правовые сделки Центра вступают в силу после их обязательной регистрации в территориальных подразделениях казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

3. Предмет и цель деятельности Центра

      11. Предметом деятельности Центра является оказание мер государственной семейной политики, в том числе мер по сохранению брака и семьи, разрешению семейных конфликтов.

      12. Целью деятельности Центра является оказание всесторонней помощи и поддержки всем обратившимся лицам (семьям) на добровольной основе.

      13. Для достижения цели Центр осуществляет следующие виды деятельности:

      1) реализацию мер государственной семейной политики, в том числе мер по сохранению брака и семьи, разрешению семейных конфликтов;

      2) координацию работы по охвату поддержкой лиц (семей), оказавшихся в трудной жизненной ситуации, государственными органами в пределах своей компетенции, в том числе посредством интегрированной модели;

      3) содействие в оказании социальной, юридической и психологической поддержки лицам (семьям), оказавшимся в трудной жизненной ситуации;

      4) информационно-разъяснительную работу о направлениях и мерах государственной семейной политики;

      5) взаимодействие с местными исполнительными органами, организациями, волонтерами, консультативно-совещательными органами по вопросам реализации государственной семейной политики, профилактики бытового насилия;

      6) мониторинг и анализ тенденций государственной семейной политики;

      7) организацию работы мобильных групп по раннему выявлению и организации оказания поддержки лицам (семьям), находящимся в трудной жизненной ситуации, при участии органов образования, здравоохранения, внутренних дел, акима города, сел и поселков в пределах своей компетенции под координацией государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Абайского района";

      8) оказание консультативной помощи, проведение оценки и определение потребности лица (семьи) в мерах государственной поддержки;

      9) актуализация данных в Цифровой карте семьи;

      10) содействие в оказании спонсорской и благотворительной помощи;

      11) реализацию иных мер по профилактике бытового насилия и продвижению традиционных семейных ценностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Центр не вправе осуществлять деятельность, а также совершать сделки, не отвечающие предмету и целям его деятельности, закрепленным в настоящем уставе.

      14. Сделка, совершенная Центром в противоречии с целями деятельности, определенно ограниченными законами Республики Казахстан или учредительными документами, либо с нарушением уставной компетенции его руководителя, может быть признана недействительной по иску: уполномоченного органа соответствующей отрасли, уполномоченного органа по государственному имуществу, местного исполнительного органа.

4. Управление Центром

      15. Общее управление Центром осуществляет государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Абайского района".

      16. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Абайского района" в установленном законодательством порядке осуществляет следующие функции:

      1) организация и координация работы центра;

      2) осуществляет контроль за сохранностью имущества Центра;

      3) определяет права, обязанности и ответственность директора Центра, основания освобождения его от занимаемой должности;

      4) дает письменное согласие уполномоченному органу по государственному имуществу на изъятие или перераспределение имущества, переданного Центру или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;

      5) осуществляет иные полномочия, возложенные на него настоящим уставом и иным законодательством Республики Казахстан.

      17. Директор Центра назначается на должность и освобождается от должности государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Абайского района".

      18. Директор Центра организует и руководит работой Центра, непосредственно подчиняется государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Абайского района" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Центр задач и осуществление им своих функций.

      19. Директор Центра действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности Центра в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим уставом.

      20. Действия директора Центра, направленные на осуществление Центром неуставной деятельности, являются нарушением трудовых обязанностей и влекут применение мер дисциплинарной и материальной ответственности.

      21. Директор Центра в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) без доверенности действует от имени Центра;

      2) представляет интересы Центра в государственных органах, иных организациях;

      3) заключает договоры;

      4) выдает доверенности;

      5) утверждает планы Центра по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;

      6) открывает банковские счета;

      7) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;

      8) принимает на работу и увольняет с работы сотрудников Центра;

      9) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Центра, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      10) определяет обязанности и круг полномочий сотрудников Центра;

      11) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан и настоящим уставом.

5. Порядок образования имущества Центра

      22. Имущество Центра составляют активы юридического лица, стоимость которых отражается на его балансе. Имущество Центра формируется за счет:

      1) имущества, переданного ему собственником;

      2) имущества приобретенного за счет собственных средств;

      3) иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Центр не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выделенных ему по смете.

      24. Деятельность Центра финансируется из местного бюджета, если дополнительный источник финансирования не установлен законами Республики Казахстан.

      25. Центр ведет бухгалтерский учет и представляет отчетность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      26. Проверка и ревизия финансово-хозяйственной деятельности Центра осуществляется уполномоченным органом соответствующей отрасли в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 6. Режим работы в Центре

      27. Режим работы Центра устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

Глава 7. Порядок внесения изменений и дополнений в учредительные документы

      28. Внесение изменений и дополнений в учредительные документы Центра производится согласно постановления акимата Абайского района Карагандинской области и проходят процедуру государственной регистрации в органах юстиции в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств".

Глава 8. Условия реорганизации и ликвидации Центра

      29. Реорганизацию и ликвидацию Центра осуществляет акимат Абайского района Карагандинской области.

      30. Имущество ликвидированного государственного юридического лица, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, перераспределяется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Абайского района".

      31. Деньги ликвидированного Центра, включая средства, полученные в результате реализации имущества этого юридического лица, оставшиеся после удовлетворения требований кредиторов, зачисляются в доход соответствующего бюджета.