"Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ереженсін бекіту туралы

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 47/07 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Д. Бұлқайыр

  Саран қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 19 маусым
№ 47/07 қаулысына
қосымша

"Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Саран қаласының аумағында жер қатынастарын реттеу салаларындағы қызметке басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 101200, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67 үй.

      9. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Государственное учреждение "Отдел земельных отношений города Сарани".

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде қала аумағында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;

      3) жер қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1.1) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасасу, қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;

      1.2) мемлекеттік органдардан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардан мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпарат, құжаттар, өзге де материалдар, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелер алу;

      1.3) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерін олардың басшыларының келісімімен өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес мемлекеттік мекеме өткізетін іс-шараларды жүзеге асыруға тарту туралы ұсыныстармен шығу;

      1.4) ақпараттық деректердің барлық түрлерін пайдалану, мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша барлық меншік нысанындағы мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      1.5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      2.1) қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;

      2.2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс, қала әкімінің шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс, қала әкімдігі қаулыларының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      2.3) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;

      2.4) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;

      2.5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша қаланың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      5) қаланың жергілікті атқарушы органының облыстық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскелерін беру және нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау;

      6) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      7) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      9) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

      10) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      11) жердің сауда-саттығын (аукциондарын) өткізуді ұйымдастыру;

      12) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      13) қала жерлерінің балансын жасау;

      14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын және жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      17) қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу;

      18) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға қаланың жергілікті атқарушы органының рұқсаттар беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      19) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      20) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарға осы бұзушылықтар бойынша ақпарат бере отырып, пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау;

      21) жерлерді резервте қалдыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      22) жер-кадастрлық жоспарды, оның ішінде облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік бағынысына берілген аумақта бекіту;

      23) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;

      24) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;

      25) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу;

      26) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

      27) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік орган бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және ол үшін дербес жауапты болады;

      2) мемлекеттік мекеменің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) қала әкімдігінің бекітуіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді ұсынады;

      5) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

      8) шарттар жасасады;

      9) банк шоттарын ашады;

      10) заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      13) мемлекеттік мекеменің актілеріне, қаржылық және өкімдік құжаттарына қол қояды;

      14) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;

      Ол болмаған кезеңде өкілеттіктерді орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      22. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел земельных отношений города Сарани"

Постановление акимата города Сарани Карагандинской области от 19 июня 2025 года № 47/07

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат города Сарани ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел земельных отношений города Сарани" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Сарани.

      Д. Бұлқайыр

  Приложение
к постановлению акимата
города Сарани
от 19 июня 2025 года
№ 47/07

Положение государственного учреждения "Отдел земельных отношений города Сарани"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел земельных отношений города Сарани" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство и координацию деятельности в сферах регулирования земельных отношений на территории города Сарани.

      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахста и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      8. Местонахождение юридического лица: индекс 101200, Республика Казахстан, Карагандинская область, город Сарань, улица Жамбыла, дом 67.

      9. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.

      10. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного бюджета в соотвествии с законодательством Републики Казахстан.

      11. Полное наименование государственного органа:

      на государственном языке - "Саран жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке - Государственное учреждение "Отдел земельных отношений города Сарани".

      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения.

      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) обеспечение реализации государственной политики в области земельных отношений на территории города, в пределах своей компетенции;

      2) регулирование земельных отношений в целях обеспечения рационального использования и охраны земель;

      3) укрепление законности в области земельных отношений;

      4) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия:

      1) права:

      1.1) вступать в гражданско-правовые отношения с юридическими и физическими лицами, заключать договора, осуществлять иную детяльность, не противоречащую действующему законодательству;

      1.2) получать от государственных органов, организаций, финансируемых из государственного бюджета необходимую информацию, документы, иные материалы, устные и письменные объяснения от физических и юридических лиц по вопросам, отнесенным к компетенции государственного учреждения;

      1.3) выходить с предложениями о привлечении работников других государственных органов и организаций с согласия их руководителей к осуществлению мероприятий, проводимых государственным учреждением в соответствии с возложенным на него задачами и функциями;

      1.4) пользоваться всеми видами информационных данных, вести служебную переписку с государственными органами, организациями и негосударственными организациями всех форм собственности по вопросам, отнесенным к ведению государственного учреждения;

      1.5) осуществлять иные права, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      2.1) обеспечивать выполнение возложенных функций в соответствии с требованиями действующего законодательства;

      2.2) организовывать и обеспечивать исполнение законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, решений, распоряжений и поручений акима области, города, постановлений акимата области, города;

      2.3) принимать и рассматривать обращения юридический и физических лиц в порядке и сроки, установленные законодительством Республики Казахстан;

      2.4) принимать обязательные для исполнения нормативные правовые акты в пределах своей компетенции;

      2.5) осуществлять иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) выявление бесхозяйных земельных участков и организация работы по постановке их на учет;

      2) реализация государственной политики в области регулирования земельных отношений;

      3) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа города (на территории, переданной в его административное подчинение) по предоставлению земельных участков и изменению их целевого назначения;

      4) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа города по установлению публичных сервитутов для целей недропользования, связанных с геологическим изучением и разведкой полезных ископаемых;

      5) подготовка проектов решений местного исполнительного органа города по предоставлению и изменению целевого назначания земельных участков, расположенных на землях городов областного значении;

      6) подготовка предложений по принудительному отчуждению земельных участков для государственных нужд;

      7) определение делимости и неделимости земельных участков;

      8) организация проведения землеустройства и утверждение землеустроительных проектов по формированию земельных участков;

      9) организация разработки проектов зонирования земель, проектов и схем по рациональному использованию земель районов, городов областного значения;

      10) организация разработки проектов земельно-хозяйственного устройства территорий населенных пунктов;

      11) организация проведения земельных торгов (аукционов);

      12) проведение экспертизы проектов и схем, затрагивающих вопросы использования и охраны земель;

      13) составление баланса земель города;

      14) ведение учета собственников земельных участков и землепользователей, а также других субъектов земельных правоотношений;

      15) выдача паспортов земельных участков сельскохозяйственного назначения;

      16) заключение договоров купли-продажи и договоров аренды земельного участка и временного безвозмездного землепользования и осуществление контроля за исполнением условий заключенных договоров;

      17) переоформление договора временного возмездного землепользования (аренды) земельных участков сельскохозяйственного назначения в случае, предусмотренном действующим законодательством;

      18) подготовка предложений по выдаче разрешений местным исполнительным органом города на использование земельных участков для проведения изыскательских работ;

      19) подготовка предложений по переводу сельскохозяйственных угодий из одного вида в другой;

      20) выявление земель, неиспользуемых и используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан, с предоставлением информации по данным нарушениям в территориальные органы по управлению земельными ресурсами;

      21) подготовка предложений по резервированию земель;

      22) утверждение земельно-кадастрового плана, в том числе на территории, переданной в административное подчинение городама областного значения;

      23) повышение качества оказываемых государственных услуг;

      24) совершенствование нормативно – правовой базы оказываемых государственных услуг;

      25) обращаться с запросом в соответствующие государственные органы за дополнительной информацией, необходимой для оказания государственных услуг;

      26) обеспечение информированности услугополучателей государственных услуг о порядке оказания государственных услуг;

      27) в пределах своей компетенции осуществление иных функций в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Статус и полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство государственным учреждением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:

      1) обязан противодействовать коррупции и несет персональную ответственность за это;

      2) осуществляет общее руководство работой государственного учреждения;

      3) определяет обязанности и полномочия работников государственного учреждения;

      4) представляет на утверждение акимата города Положение и структуру государственного учреждения, а также изменения в них;

      5) утверждает должностные инструкции работников государственного учреждения;

      6) без доверенности действует от имени государственного учреждения;

      7) представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;

      8) заключает договоры;

      9) открывает банковские счета;

      10) в соответствии с законодательными актами назначает и освобождает от должности работников государственного учреждения;

      11) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания к сотрудникам государственного учреждения, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      12) осуществляет иные полномочия, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением и уполномоченным органом.

      13) подписывает акты, финансовые и распорядительные документы государственного учреждения;

      14) представляет государственное учреждение в государственных органах, иных организациях.

      Исполнение полномочий в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      19. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.

      21. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      22. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.