"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына, "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын өзгерту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі №22/11 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 34/03 қаулысына қосымша |
"Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бюджетті атқару және есептілікті жасау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар жүргізетін мемлекеттік сатып алуды талдау, облыстық коммуналдық мүлікті басқару және ұстау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
6. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Әлиханов көшесі, 13.
10. Осы Ереже "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) облыстық бюджетті атқару;
2) облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алуды жүргізу және есептілікті жасау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды және (немесе) орталықтандырылған сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
4) конкурс және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды талдау;
5) мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесін талдау;
6) облыстық коммуналдық мүлікті басқару және ұстау.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
2) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемін және жоспарланған кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профициті (тапшылығы) мен оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша ағындарының болжамын жасау;
3) облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысының мониторингін жүргізу;
4) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жүргізу;
5) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бекітетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларын келісу;
6) бюджет түсімдерінің орындалмау, міндеттемелерді уақытылы қабылдамау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді уақытылы жүргізбеу, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау себептерін анықтау мақсатында бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, қадағалау және талдау арқылы бюджеттік есептілік негізінде бюджеттік мониторинг жүргізу;
7) бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;
8) бюджеттік кредиттерге мониторинг жүргізу;
9) кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
10) борыштық міндеттемелерге мониторинг жүргізу;
11) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен облыс әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы қолдаухатты қарау;
12) бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру бойынша облыстық бюджеттен және аудандар (қалалар) бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүзеге асыру;
13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер мониторингін жүзеге асыру;
14) облыстық бюджеттің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді жасау және облыс әкімдігіне және тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну;
15) облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және облыс әкімдігіне және тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну;
16) облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алуды жүргізу және облыс бюджеті бойынша бюджеттік есептілікті жасау;
17) берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті жасау және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыну;
18) жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыну;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды және (немесе) орталықтандырылған сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;
20) мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруына талдау жасайды және жүргізеді;
21) ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік сатып алу саласында Қарағанды облысы бойынша жиынтық ашық деректерді орналастырады және өзектендіруді қамтамасыз етеді;
22) мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуларындағы жергілікті қамтудың үлесіне талдау жүргізеді;
23) өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
24) облыстық коммуналдық мүлікті басқару, оны күтіп ұстау және қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
25) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіру;
26) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру;
27) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
28) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
29) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
30) коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
31) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлікке құқықтарды сатып алуы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
32) облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға өзіне бекітілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім беру;
33) коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын органмен келісім бойынша облыстық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өз шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
34) облыс әкiмдiгiнiң қатысуымен облыстық коммуналдық кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жұмыс iстеуiне және оларды басқарудың тиiмдiлiгiне мониторинг ұйымдастыру және жүргiзу;
35) жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды келісу;
36) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;
37) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіруді, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарта отырып жүзеге асыру, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
38) облыстық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
39) сенімгерлік басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асыру;
40) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
41) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыру;
42) коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бөлінісінде сыртқы және ішкі қарыз алу құрылымы туралы ақпаратты немесе мәліметтерді жинауды жүзеге асыру және мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жібереді;
43) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға жүктелген функцияларды жергілікті атқарушы орган бекітетін тізбе бойынша орындау үшін қажетті мүлікті өз балансында сатып алуды және ұстауды қамтамасыз ету;
44) жергілікті бюджет қаражаты есебінен акционерлік қоғамдардың акцияларын және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған кезде ғана, сондай-ақ оларды одан әрі облыстық бюджеттен сала бойынша қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға бере отырып, облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігі қатысатын акционерлік қоғамды не жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру кезінде акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшылары ретінде әрекет етеді;
45) Қазақстан Республикасының ұстаушылар тізіліміндегі бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның жеке шотына акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын есепке алуды қамтамасыз ету;
46) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігіне бағалау жүргізу үшін қажетті ақпаратты жинауды және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастыруды жүзеге асыру;
47) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында, облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
7) облыс әкімінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде алынған (ақшалай кірістерді қоса алғанда) мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының атынан өзіне бекітіліп берілген балансындағы мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету құқықтарын дербес жүзеге асырады.
22. "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
"Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.