БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 383-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 383-НҚ бұйрығымен бекітілген"; |
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестер қызметі, қайырымдылық, медиация және ішкі саяси тұрақтылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.";
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестердің қызметі, қайырымдылық, медиация аясында дамытуға жәрдемдесу және үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Комитеттің функциялары:
1) жалпы функциялар:
стратегиялық:
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
реттеушілік:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді Комитеттің құзыреті шегінде әзірлеу және келісу;
іске асыру:
Комитеттің құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін өткізу;
Комитеттің құзыреті шегінде заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және Комитеттің құзыреті шеңберінде оператордың мемлекеттік гранттарды іске асыру нәтижелері туралы есебін қарау;
Комитеттің құзыреті шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;
cтратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге және олармен шарттар жасасуға, сондай-ақ жасалған шарттарға және Комитеттің құзыреті мәселелері бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестердің міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыруға қатысу;
Комитет құзыреті шеңберінде мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы бағдарламалар мен жобаларды, іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
тиісті салаларда келісімдер, меморандумдар мен шарттар әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру, консультативтік, әдістемелік жұмысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот процестеріне қатысу және тиісті материалдарды дайындау;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік қолдауды жүзеге асыру;
Ресми сайтта, әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланымдар жасау және жариялау, Комитеттің аккаунттарын жүргізу және пайдаланушыларға кері байланыс беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық, анықтамалық материалдарды дайындау, сараптамалық-талдамалық қызметті ұйымдастыру;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша республикалық, халықаралық және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Министрліктің даму жоспарын, Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі жоспарды, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі комитеттің кешенді жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Комитет реттейтін салалардағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, сондай-ақ Министрлік басшылығының тапсырмаларында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Осы тармақтың 1) тармақшада көзделген функциялар ортақ болып табылады және оларды Азаматтық қоғам істері комитетінің барлық басқармалары өз құзыреттері шегінде іске асырады.
2) Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы:
стратегиялық:
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасау;
реттеушілік:
Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
іске асыру:
коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
үкіметтік емес ұйымдардың қызметі саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру, жүргізуді және дамуын қамтамасыз ету;
Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру;
Біріккен Ұлттар Ұйымының №16 (Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар) орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмысын үйлестіру;
Комитет құзыреті шеңберінде халықаралық ұйымдармен, халықаралық үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасау;
орталық мемлекеттік және жергілікті органдарға мониторинг, есептілік беру, ФАТФ және өзге де халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын орындау мәселелері бойынша халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөнінде ұсынымдар жіберу;
Комитет құзыреті шеңберінде азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне қатысты халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын орындауды үйлестіру;
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға осындай ақпаратты ұсына отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау мәніне коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;
коммерциялық емес ұйымдар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
тәуекелдерге секторлық бағалау жүргізу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
3) Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері басқарма:
стратегиялық:
қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
реттеушілік:
Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
іске асыру:
қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
қоғамдық бақылау саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Министрлік жанындағы қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылған қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасау;
республикалық және жергілікті деңгейлерде қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы дайындауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне кемінде үш жылда бір рет енгізу;
қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ жергілікті деңгейде сандық құрам бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығы алаңының жұмысын үйлестіру;
қоғамдық кеңестер қызметі саласындағы әкімшілік деректерді қабылдау және өңдеу;
Басқарма реттейтін салаларда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторды үйлестіруді және әдістемелік қолдауды жүзеге асыру;
қоғамдық бақылау жүргізу мәселелері бойынша қоғамдық бақылау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру.
4) Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы:
стратегиялық:
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
реттеушілік:
мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын әзірлеу;
стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингілеу, нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлеу;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру қағидаларын әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын әзірлеу;
іске асыру:
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингілеу және нәтижелерін бағалау, мемлекеттік гранттар беру және стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
орталық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, оның іске асырылуын мониторингілеуді және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын ақпарат беру;
өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік органдар қалыптастыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын орналастыру;
Комитеттің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингілеу және нәтижелерін бағалау бойынша қызметін үйлестіру;
Министрліктің интернет-ресурсында Комитеттің жетекшілік ететін салалары шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау бойынша жоспарланатын тақырыптар мен ақпаратты орналастыру;
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде Комитеттің құзыреті шегіндегі бағыттар мен қаржыландыру көлемдері бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін дайындау;
Комитеттің үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласында операторға мемлекеттік гранттар беру жөніндегі қызметін үйлестіру;
мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, Комитеттің мемлекеттік гранттардың тиімділігіне бағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау;
үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беруді жүзеге асыру;
үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу;
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс бағыттарын қалыптастыру;
Комитеттің стратегиялық серіктестерді конкурстық іріктеуді өткізу және олармен шарттар жасасу, сондай-ақ стратегиялық серіктестердің жасалған шарттарға сәйкес және стратегиялық серіктестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалау бойынша қызметін үйлестіру;
орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін, әлеуметтік жобалардың жоспарланатын тақырыптарын Үйлестіру кеңесінің қарауына жіберу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде әлеуметтік жобалардың тақырыптарын қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардан және ұйымдардың азаматтарынан ұсыныстар жинауды ұйымдастыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.
5) Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы:
іске асыру:
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстанның азаматтық форумын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
өңірлік азаматтық форумдар өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі жоспарды қалыптастыру және орындалуын мониторингілеу;
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және орындалуын мониторингілеу;
уәкілетті органның жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, ережені, құрамды және жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту;
уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі мүшелері ұсынымдарының орындалуын мониторингілеу және талдау;
орталық мемлекеттік органдарға мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік жобалардың жоспарланатын тақырыптары бойынша Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын олардың құзыретіне сәйкес жолдау;
мемлекеттік органдарда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қызметін үйлестіру және мониторинг жасау;
мәдениет және ақпарат бағыттары бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау саласындағы үйлестіру кеңесі жанындағы жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру;
мемлекеттік органдарда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мониторинг жасау;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының мониторингі мен талдауы;
Комитет құзыреті шеңберінде ақпараттық-талдау қызметін үйлестіру;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық құрылтай қызметін ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық құрылтай қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруды үйлестіру;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық құрылтай қабылдаған ұсынымдар мен ұсыныстардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
6) Қоғамдық-саяси жұмыс басқармасы:
стратегиялық:
Комитеттің құзыреті шегінде ішкі саяси тұрақтылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
медиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
реттеушілік:
қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын әзірлеу;
қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту қағидаларын әзірлеу;
медиация мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
медиаторлар ұйымдарының тізілімін жүргізу;
медиатордың қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын отставкадағы судьялардың тізілімін жүргізу;
іске асыру:
медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
медиация институтын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету;
медиаторлар ұйымдары, медиацияны қолданудың тетіктері, негіздері мен шарттары туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыреті шегінде медиацияны дамытуға жәрдемдесу және үйлестіру;
қоғамдық пікір мен саяси процестерді зерделеу.
7) Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасы:
стратегиялық:
қайырымдылық және волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
реттеушілік:
волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар әзірлеу;
"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларын әзірлеу;
қайырымдылық саласындағы құрметті атақты тағайындау қағидаларын әзірлеу;
білім және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның келісімімен нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысын әзірлеу;
волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу;
іске асыру:
қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторинг жүргізу;
волонтерлік қызметті дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін әдістемелік қолауды үйлестіру және ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасында волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинауды және қорытындылауды жүзеге асыру;
волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға және волонтерлік акцияларды өткізуге қатысуға тарту тәртібі бойынша ұсынымдар әзірлеу;
волонтерлік қызметті ұйымдастыру бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
қайырымдылық саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
қайырымдылық және өзге де ұйымдармен қайырымдылық саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
қайырымдылық саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Комитеттің құзыреті шегінде қайырымдылықты дамытуға және үйлестіруге қолдау көрсету;
волонтерлік қызмет саласында Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
қайырымдылық саласындағы құрметті атақты тағайындау;
"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын тағайындау;
өзінің интернет-ресурсында волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін орналастыру.".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |