Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 592-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осындай бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты бекітілген күнінен бастап қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нағаспаев |
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 456 бұйрығына қосымша |
Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осындай бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі
№ | Заңды тұлғаның атауы |
1 | "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" акционерлік қоғамы |
2 | "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамы |