"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 423) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жасанды интеллект саласындағы жобаларды іске асыру үшін alem.cloud ұлттық суперкомпьютер орталығының инфрақұрылымдық және цифрлық ресурстарын ұсыну бойынша "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтердің бағасы белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді техгологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мәдиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
| Бұйрыққа қосымша |
Жасанды интеллект саласындағы жобаларды іске асыру үшін alem.cloud ұлттық суперкомпьютер орталығының инфрақұрылымдық және цифрлық ресурстарын ұсыну бойынша "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтердің бағасы
Р/с | Көрсетілетін қызметтердің атауы | Өлшем бірлігі | ҚҚС есебінсіз қызмет құны, теңге |
1. | "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының функциялары шеңберінде орындалатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұсыну қызметтері: | ||
1.1 | GPU H200 | Бейнекарта | 1 666 637 (айына) |
1.2 | GPU H200 | Бейнекарта | 53 762 (тәулігіне) |
1.3 | Диск кеңістігін жалға алу SSD | Гб | 49 (айына) |