Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қаратал ауданы әкімдігінің "Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар,
кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасын бекіту туралы" 2021 жылғы 09 қарашадағы № 368 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 160119 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Қасымжановқа жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ұ. Досымбеков |