1."Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекіту туралы" Жетісу облысының әкімдігінің 2025 жылғы 08 сәуірдегі № 103 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №209159 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінен 29-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Исабаев |