"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90939 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың ІIІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
2. "Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Исабаев |
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" _______ №________қаулысына қосымша |
Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың ІIІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№ | Тауардың атауы | Өлшем бірлігі |
ІIІ |
1 | Бірінші сортты бидай ұны |
теңге/ | 329 |
2 | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) |
теңге/ | 253 |
3 | Рожки (өлшеніп салынатын) |
теңге/ | 447 |
4 | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) |
теңге/ | 324 |
5 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) |
теңге/ | 584 |
6 | Картоп |
теңге/ | 336 |
7 | Асханалық сәбіз |
теңге/ | 328 |
8 | Басты пияз |
теңге/ | 304 |
9 | Ақ қауданды қырыққабат |
теңге/ | 165 |
10 | Ақ қант – құмшекер |
теңге/ | 452 |
11 | Күнбағыс майы | теңге/литр | 882 |
12 | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) |
теңге/ | 3643 |
13 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) |
теңге/ | 1756 |
14 | Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада | теңге/литр | 340 |
15 | Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада | теңге/литр | 394 |
16 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) |
теңге/ | 5469 |
17 | Тауық жұмыртқасы (I санатты) |
теңге/ | 660 |
18 | Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа) |
теңге/ | 91 |
19 | Сүзбе: майлылығы 5-9% |
теңге/ | 1785 |