"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға арналған Ұлытау облысының акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Рыспеков |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы "30" шілдедегі № 64/15 қаулысына қосымша |
2025 жылға арналған Ұлытау облысының акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Сомасы, мың теңге |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары: | |||
1.1 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын отандық өндірістің балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | килограмм | 12 381 | 1 300 005 |
1.2 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | килограмм | 877 | 249 945 |
1.3 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | килограмм | 925 | 249 750 |
1.4 | Шаянтәрізділерді өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | килограмм | 875 | 199 500 |
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары: | |||
2.1 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ) | дана | 100 000 | 1 500 000 |
2.2 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ) | дана | 2003 | 500 750 |
2.3 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ) | дана | 20 001 | 500 025 |
2.4 | Шаянтәрізділер (шабақ) | дана | 20 001 | 500 025 |
3. | Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | килограмм | 200 000 | 1 000 000 |
4. | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары | |||
4.1 | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары | дана | 105 | 1 050 000 |
4.2 | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары | дана | 10 | 150 000 |
4.3 | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары | дана | 10 | 300 000 |
5. | Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | бірлік | 5 | 2 500 000 |
Барлығы | 10 000 000 |