Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабының сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талас ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Мәслихат төрағасы | К. Садубаев |