Ескерту. 01.01.2025 бастап күшіне енеді - осы шешімнің 2 тармағымен.
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Мойынқұм ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мойынқұм ауданы жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы белгіленсін.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
| Мәслихат төрағасы | Н. Саурықов |