"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің Сарыкемер ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
К.Орынқұлов көшесінің 2-бұрылысы Жүсіп Баласағұн көшесіне;
К.Орынқұлов көшесінің 3-бұрылысы Махмуд Қашқари көшесіне;
К.Орынқұлов көшесінің 4-бұрылысы Қожа Ахмет Йассауи көшесіне;
К.Орынқұлов көшесінің 5-бұрылысы Әйтеке би көшесіне;
К.Орынқұлов көшесінің 6-бұрылысы Қазыбек би көшесіне;
Байзақ батыр бұрылысы Мәңгілік Ел көшесіне;
Сәкен Сейфуллин бұрылысы Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
Көлқайнар бұрылысы Домалақ ана көшесіне;
Қаныш Сәтбаев бұрылысы Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Дінмұхамед Қонаев бұрылысы Томирис көшесіне;
Қайрат Рысқұлбеков бұрылысы Бейбарыс сұлтан көшесіне;
Бәйдібек баба бұрылысы Талас көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сарыкемер ауылдық округінің әкімі | Е. Заурбеков |