"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (54-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 500 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 189 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (54-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 500 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21771 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына:

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Жұмыс сипаттамасы:

      пошта вагонында қызмет ету, оның тазалығын сақтау;

      сумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, жылу жабдықтарының, ауа желдеткіштерінің, тоңазытқыш қондырғыларының, шаң-тозаңнан тазалау үстелінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ақаулықтарын түзету;

      рейске шығар алдында поштаны техникалық тексеруге қатысу;

      поштаны іріктеуге және ауыстыруға қатысу;

      хат хабарларға мөр соғу;

      поштаны тексеруге, сақтандыру қаптарын ашуға және жабуға, пошта вагонынан поштаны қабылдауға және тапсыруға қатысу;

      жолда және пошта ауыстыру кезінде пошта қауіпсіздігін қамтамасыз ету";

      57, 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      57. Жұмыс сипаттамасы: пошта жөнелтімдері мен мерзімді басылымдарды адресаттарға жеткізу;

      хат-хабарды, мерзімді баспасөзді, зейнетақы тапсырмаларын және жеткізу үшін ақша алу;

      алынған жөнелтімдер мен мерзімді басылымдарды жеткізуге дайындау;

      пошта жөнелтілімдерінің, зейнетақылардың, ақша аударымдарының, мерзімді басылымдардың, жеделхаттардың барлық түрлерін адресаттарға жеткізу;

      клиенттерге пошта жөнелтілімдерін адрестеу, қабылдау және беру мәселелері бойынша, байланыс бөлімшелерінде пошта және телеграф операцияларын жүргізу уақыты, почтамттағы байланыс торабы туралы түсіндірулер;

      кетіп қалған адресаттар туралы анықтама беру және тапсырылмаған почта жөнелтімдерін ресімдеу;

      тіркелетін пошта жөнелтілімдерін тапсыру туралы хабарламаларды ресімдеу;

      жүру бойынша мерзімді басылымдарға жеткізу карточкаларын іріктеу және олардан мөрді жеткізу үшін жүргіштер жасау;

      жеткізілген тіркелетін почта жөнелтімдері мен жеделхаттарға құжаттама ресімдеу;

      қарапайым хаттарды жіберу үшін халықтан қабылдау;

      қызмет көрсетілетін жеткізу учаскелерінде пошта төлемінің белгілерін сату;

      пошта сүйемелдеу және алмасу;

      бастапқы пунктте пошта және мерзімді баспасөз алу;

      оларды тиеу мен түсіруді қоса алғанда, жолдағы алмасу және соңғы пунктте тапсыру;

      абоненттік шкафтар мен тірек пункттерінің дұрыс жағдайда ұсталуын, қызмет көрсетілетін жеткізу учаскесінің абаттандыру жағдайын (елді мекендер мен көшелердің атауларын, үйлердің нөмірленуін, үйлердің кіреберістерін жарықтандыруды және өзгелер) бақылау және кемшіліктерді жою бойынша қажетті шаралар қабылдау";

      58. Білуге тиіс:

      пошта жөнелтімдерінің түрлері мен санаттары;

      мерзімді басылымдар мен жеделхаттардың, пошта жөнелтілімдерінің барлық түрлерін мекенжай бойынша жеткізудің тәртібі;

      зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткізу, сондай-ақ байланыс қызметтерін үйде көрсету тәртібі;

      қызмет көрсетілетін жеткізу учаскелерінде көшелердің, үйлердің, пәтерлердің орналасуы;

      почта жөнелтімдері мен жеделхаттарды жеткізудің мерзімдері;

      почта және телеграф байланысы қызметтерінің тарифтері;

      поштаны сүйемелдеу, айырбастау және сақтау жөніндегі тәртібі мен нұсқаулықтар;

      бағыт бойынша көлік қозғалысының кестесі;

      халықтан жеделхаттарды қабылдау тәртібі;

      қалалық пошташы үшін жеткізілген тіркелетін почта жөнелтімдері мен жеделхаттарға құжаттаманы ресімдеу тәртібі.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсету кезінде, 1-2 жеткізу учаскелеріндегі пошташыларды білу және ауыстыруды жүзеге асыру кезінде - 2 разряд.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсету кезінде, 3-4 жеткізу учаскелеріндегі пошташыларды білу және ауыстыруды жүзеге асыру кезінде - 3 разряд.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсету кезінде, 5 және одан да көп жеткізу учаскелерінде пошташыларды білу және ауыстыруды жүзеге асыру кезінде - 4 разряд.

      Ауылдық пошташылар үшін: бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсету, тапсырысты хат - хабарды үйде қабылдау, радионүктерді пайдаланғаны үшін төлем, газеттер мен журналдарға жазылу, 50 километрге дейінгі маршруттарда почтаны алып жүру және айырбастау, халықтан жеделхаттарды қабылдау және адресаттарға жеделхаттардың барлық түрлерін жеткізу – 2 разряд.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсету кезінде, 1-2 жеткізу учаскелерінде пошташыларды білу және ауыстыруды жүзеге асыру, 50 - ден 100 километрге дейінгі маршруттарда почтаны алып жүру және айырбастау, адресаттарға категориялық жеделхаттарды жеткізу, анықтамалық жеделхаттардың адресаттары туралы анықтамаларды жеткізу, кіріс жеделхаттарды аппарат бойынша қабылдау кезінде - 3 разряд.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсету кезінде, 3 және одан да көп учаскелерде пошташыларды білу және ауыстыруды жүзеге асыру, 100 километрден астам маршруттарда және қалалық маршруттар бойынша бағалы хаттарды, бандерольдер мен посылкаларды үйде қабылдау, почта мен сақтандыру қаптарын алып жүру және айырбастау, адресаттарға үкіметтік хат - хабарларды жеткізу, жеделхаттардың түрлері мен санаттарын тәулік бойы жеткізу, телеграфшының жеделхаттарды ол болмаған кезде жөнелту жөніндегі міндеттерін орындау кезінде - 4 разряд.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жақыпова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және

      ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № 500 "Об утверждении Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих (выпуск 54)"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 июня 2025 года № 189

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № 500 "Об утверждении Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих (выпуск 54)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21771) следующие изменения:

      в Едином тарифно-квалификационном справочнике работ и профессий рабочих, утвержденном указанным приказом:

      пункт 40 изложить в следующей редакции:

      "40. Характеристика работ:

      обслуживание почтового вагона, содержание его в чистоте;

      обеспечение бесперебойной работы приборов отопления, водоснабжения, электрооборудования, вентиляции, холодильных установок, пылеочистительного стола и устранение их неисправностей;

      участие в техническом осмотре почтового вагона перед отправкой в рейс;

      участие в обработке и обмене почты;

      штемпелевании корреспонденции;

      участие в поименной проверке почты, вскрытии и заделке страховых мешков, приеме и выдаче почты из почтового вагона;

      обеспечение сохранности почты во время обмена и в пути следования";

      пункты 57 и 58 изложить в следующей редакции:

      "57. Характеристика работ:

      доставка почтовых отправлений и периодической печати адресатам;

      получение корреспонденции, периодической печати, пенсионных поручений и денег для доставки;

      подготовка полученных отправлений и периодических изданий к доставке;

      доставка адресатам всех видов почтовых отправлений, пенсий, денежных переводов, периодических изданий, телеграмм;

      разъяснения клиентам по вопросам адресования, приема и выдачи почтовых отправлений, о времени производства почтовых и телеграфных операций в отделениях связи, узле связи на почтамте;

      наведение справок о выбывших адресатах и оформление неврученных почтовых отправлений;

      оформление уведомлений о вручении регистрируемых почтовых отправлений;

      подборка доставочных карточек на периодические издания по ходу и составление с них ходовиков на доставку печати;

      оформление документации на доставленные регистрируемые почтовые отправления и телеграммы;

      прием от населения для отправки простых писем;

      продажа знаков почтовой оплаты на обслуживаемых доставочных участках;

      сопровождение и обмен почты;

      получение почты и периодической печати в начальном пункте;

      обмен в пути и сдача на конечном пункте, включая их погрузку и разгрузку;

      контроль за содержанием в исправном состоянии абонентских шкафов и опорных пунктов, состоянием благоустройства обслуживаемого доставочного участка (упорядочение наименований населенных пунктов и улиц, нумерации домов, освещения подъездов домов и иное) и принятие необходимых мер по устранению недостатков;

      58. Должен знать:

      виды и категории почтовых отправлений;

      порядок доставки адресатам всех видов почтовых отправлений, периодических изданий и телеграмм;

      порядок доставки пенсий и пособий, а также предоставления услуг связи на дому;

      расположение улиц, домов, квартир на обслуживаемых доставочных участках;

      сроки доставки почтовых отправлений и телеграмм;

      тарифы на услуги почтовой и телеграфной связи;

      порядок и инструкции по сопровождению, обмену и сохранности почты;

      график движения транспорта по маршруту;

      порядок приема от населения телеграмм;

      порядок оформления документации на доставленные регистрируемые почтовые отправления и телеграммы для городских почтальонов.

      При обслуживании одного доставочного участка, при знании и осуществлении замены почтальонов на 1-2 доставочных участках - 2 разряд.

      При обслуживании одного доставочного участка, при знании и осуществлении замены почтальонов на 3-4 доставочных участках - 3 разряд.

      При обслуживании одного доставочного участка, при знании и осуществлении замены почтальонов на 5 и более доставочных участках - 4 разряд.

      Для сельских почтальонов: при обслуживании одного доставочного участка, приеме на дому заказной корреспонденции, платы за пользование радиоточками, подписки на газеты и журналы, сопровождение и обмене почты на маршрутах до 50 километров, прием телеграмм от населения и доставке адресатам всех видов телеграмм - 2 разряд.

      При обслуживании одного доставочного участка, при знании и осуществлении замены почтальонов на 1-2 доставочных участках, приеме на дому всех видов почтовых отправителей, сопровождении и обмене почты на маршрутах от 50 до 100 километров, доставка адресатам категорийных телеграмм, наведении справок об адресатах справочных телеграмм, приеме по аппарату входящих телеграмм - 3 разряд.

      При обслуживании одного доставочного участка, при знании и осуществлении замены почтальонов на 3 и более достаточных участках, приеме на дому ценных писем, бандеролей и посылок, сопровождении и обмене почты и страховых мешков на маршрутах свыше 100 километров и по городским маршрутам, доставке адресатам правительственной корреспонденции, круглосуточной доставке телеграмм видов и категорий, выполнении обязанностей телеграфиста по экспедированию телеграмм в его отсутствие - 4 разряд".

      2. Департаменту труда и социального партнерства Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и информации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан