Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 – бабы 5 –тармағына сәйкес Жаңасемей аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 шілдедегі № 9/47-VIІI "Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Абильмажинов |