Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңасемей ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жаңасемей ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Абильмажинов |
| Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қазандағы № 21/230-VIII шешіміне 1- қосымша |
Жаңасемей ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 |
Жайлы және | 1 тұрғын |
|
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,55 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,85 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,56 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,23 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,005 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,44 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,36 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,56 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,06 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,06 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,68 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
17 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,22 |
18 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
19 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
20 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,52 |
21 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,32 |
22 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
23 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 3,32 |
24 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
25 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,35 |
26 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 2,15 |
27 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0.47 |
28 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,009 |
| Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қазандағы № 21/230-VIII шешіміне 2- қосымша |
Жаңасемей ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы |
Жинақталу нормасы | Есептік бірлігі | Қызметтердің құны ТБО (ҚҚС-сыз тенге) | Барлығы (ҚҚС-сыз тенге) | Барлығы (ҚҚС-мен тенге) | ||
Жинау және тасымалдау | Көму | Сұрыптау | |||||
Жайлы үйлер | 1,94 | Бір тұрғынға айына | 322,72 | 109,80 | - | 432,52 | 484,42 |
Жайлы емес үйлер | 2,2 | 365,97 | 124,51 | - | 490,48 | 549,34 | |
Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | - | 1 м3 | 1996,21 | 679,16 | - | 2675,37 | 2 996,41 |